«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және оны бақылау бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 29.08.2024, 10:00
  • 29.08.2024, 17:00

Конурбаева Гульназ 29.08.2024, 11:38, Сұрақ нөмірі: 13069

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын бұзған жағдайда жауапты тұлғаларға қандай жауапкершілік қарастырылған?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.August.2024, 11:59

Сәлеметсіз бе! Егерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын бұзған жағдайда жауапты тұлғаларға мемлекеттік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік және мерзімін мен рұқсаттар беру тәртібін бұзғаны үшін «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 465-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Яғни 20 мен 50 айлық есептік көрсеткіштер арасында айыппұл салу қарастырылған. Егер бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанған жағдайда аталған 465-баптың үшінші бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни 50 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады.