Көлік және коммуникация саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 29.08.2024, 15:00
  • 29.08.2024, 17:00

Дарханұлы Шерхан 29.08.2024, 15:47, Сұрақ нөмірі: 13070

  • 0

1. Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік алу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.August.2024, 15:53

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, Сіздің ЭЦҚ-ңызбен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. - Қалған жеке басыңызы куәландыратын, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінен диагностикалық карта туралы мәліметтерді алады.