Көлік және коммуникация саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.08.2024, 15:00
- 29.08.2024, 17:00
Әлімжан Гүлбану 29.08.2024, 16:45, Сұрақ нөмірі: 13073
Қайсы кезде маған рұқсат бермеуі мүмкін?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.August.2024, 16:50
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) келісуші ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы; 4) егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе; 5) тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы; 6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы