Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.09.2024, 10:00
- 06.09.2024, 15:00
Қабден Нұрбек 06.09.2024, Сұрақ нөмірі: 13090
Қайырлы күн. Мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі аяқталып, бірақ арнайы тексеріс нәтижесі келмеген жағдайда сыйақы беріле ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.September.2024, 15:02
Қайырлы күн, сұрағыңызға рахмет! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің (бұдан әрі - Ережелер) 4-тармағына сәйкес қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде, тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса және сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді. Жоғарыда көрсетілген талаптарға жатпайтын қызметкерлерге сыйлық берілуі мүмкін.