Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.09.2024, 10:00
- 06.09.2024, 15:00
Самат Гүлнұр 06.09.2024, Сұрақ нөмірі: 13093
Мемлекеттік қызметші кезекті еңбек демалысында болған уақытта оның бұзушылық жасағаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл ретте, ақпаратты қарау мерзімінің уақыты тығыз болуына байланысты мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданып, демалыстан жұмысқа шыққан уақытта таныстыруға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.September.2024, 15:05
мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) реттелген. Заңның 45-бабына сәйкес тәртіптік жазаны мемлекеттік қызметші демалыста болу уақытында қолдануға болмайды. Сонымен қатар, Қағидалардың 53-тармағына сәйкес қызметтiк тергеп-тексерулер мемлекеттік әкімшілік қызметші демалыста болған уақытта тоқтатыла тұрады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қызметші еңбек демалысында болған уақытта тәртіптік жазаны қолдану, қызметшінің заңмен бекітілген құқығының бұзылуына әкеп соғады. Сонымен қатар, қолданылған актінің заңсыз деп танылуына себеп болуы мүмкін.