«Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Облыстағы қоғамдық көлік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 11.09.2024, 10:00
- 11.09.2024, 15:00
Абисадыкова Акбота 11.09.2024, Сұрақ нөмірі: 13096
Облысаралық қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тасымалдауға лицензияны қалай алуға болады?
Жетісу облысы 11.09.2024
Құрметті Акбота Абисадыкова! «Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Қызмет ақылы негізде ұсынылады және 3 АЕК құрайды, жергілікті бюджетке төленеді. Өтініш беру үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 7-қосымшасында көзделген құжаттарды ұсыну қажет.