Үлескерлik құрылыс қатысушыларымен интернет-конференция

Салушылар, тұтынушылар, жылжымайтын мүлік субъектілері арасындағы құқықтық және экономикалық қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасы азаматтарын орталық және жергілікті атқарушы органдармен, банктармен, Қазақстан Республикасы салушылары ассоциациясымен байланысуға мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2008 жылғы 18 тамыздағы № 20-55/007-679 Жарлығы негізінде 2008 жылдың 9 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасындағы үлескерлік (үлескерлер) құрылысқа қатысу мәселелері «электрондық үкімет» Веб-порталында http://www.e.gov.kz/ 2008 жылғы жылыту маусымына қатысты мәселелер бойынша Интернет-конференция өткізіледі

  • Сұрақтар: 686
  • Жауаптар: 1038
  • 09.09.2008
  • 01.11.2008
  • Қызылорда облысы әкімдігі

Оспанов Амзе 15.10.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

29 шілде 2006 жылы мен, Оспанов Амзе, жартылай Казкомнан ипотека алып Қуат Корпорациясының Гранд Астана кешенінен (Блок F, секция -1) пәтер сатып алдым. Шарт 420/G-A. Құрылыс 2007 жылдың 31 желтоқсанында бітуі тиіс болатын, бірақ әлі 5 қабаты ғана салынған. Менің білгім келетіні: 1) құрылыстың жаңа аяқталу мерзімі 2) компанияның/осы кешеннің қаржыландыру жағдайы

Администратор 05.11.2008

Қазақстан Республикасы экономикасын модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысының 2007 жылғы 12 қарашадағы № 17-5/011-01 хаттамасына сәйкес, «Гранд Астана» ТК «Қуат Корпорациясы» АҚ «Қазына» ТДҚ» АҚ-мен «ТұранӘлемБанкі» АҚ арқылы үйдің F блогын салу үшін несиелендіруге келісілген болатын. Бүгінгі күні нысанның 30%-ы дайын. Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі 2009 жылдың 4 тоқсаны.