Қаржылық мониторинг Агенттігінің қызметі туралы
Қаржылық мониторинг Агенттігінің қызметі туралы
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 23.09.2024, 09:00
- 30.09.2024, 18:00
Рахимбаева Загила 24.09.2024, Сұрақ нөмірі: 13110
Мен Рахимбаева Загила Тасбулатовна Түркістан облысы бойынша қазынашылыө департаментінің қызметкері болып Бас прокуратураған арызданғанмын.
Түркістан облысының прокуратурасы, департаментке тексеру ашып, Менің арыздарым бойынша «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі» КММ-ның189 баппен қылмыстық-іс қозғап Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру агенттігіне жолдаған.
Онымен қоса, Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінде қаржылық қаражат жинап, әрі қарай ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің басшылық лауазымындағы мемлекеттік қызметкердің отбасылық, емдік демалысын Сарыағаш шипажайында төлем аударымдары жүргізілгені анықталып, арнайы сұраныстармен расталған.
Алайда прокуратура«Сіздің Түркістан облысына қызметтік сапармен келген Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тексерушілерін қонақ ретінде күтуге, облыстық қазынашылық департаментінің (бұдан әрі - Департамент) лауазымды тұлғалары қала,аудан қазынашылық басқарма басшыларынан негізсіз қаражат жинау фактісі туралы жолданымыңызды облыс прокуратурасы қарады. Департамент қызметкері А.Ж.Т. іс-әрекетінде ҚК 361-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалуына байланысты, 26.08.2024ж. көрсетілген факті облыс прокуратурасының арнайы есепке алу кітабына тіркеліп, процестік шешім қабылдау үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.» деп арыздың негізін өзгертіп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданған, әрі қарай агенттік Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру агенттігіне жолданылған. әрі қарай агенттік осы іс-әрекеттер бойынша және
(189 баппен қозғалған қылмыстық-іс бойынша) «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі» КММ-ның (бұдан әрі – КММ) прокуратураның тексеру барысында КММ-ның бас есепшісінің қызы жеке кәсіпкер ретінде аталған «ИП Қахарманға» Электронный магазин арқылы 30 000 000 жуық ақша аударан онымен қоса сол КММ-нің қызметкерлерінің тектес азаматтарға жеке кәсіпкер ретінде ақша аударылған.
Өз құзыреті шегіңізде тексеріп құжаттарды КММ қозғалып жатқан қылмыстық іске әлі күнге дейін қосылмаған (6 ай бойы) агенттіктің тергеушісі бұл іс жүргізуге бас тартып отыр. Себебі МІАД қортындысында 8 мил тенге жәйлы жазылған және осы суммадан асып кете алмаймын деп ескертті. осы іс-әрекетпен тергеуші кімнің мүддесін қорғауда?
Рахимбаева Загила 30.09.2024, 22:44
"Сонымен қатар, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің қызметкерлері 30 000 000 млн теңге мемлекет қаржысын жымқыру дерегі бойынша арызы Департаменттің АЕК-на тіркеліп, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігіне сәйкес Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне маман қорытынды алу үшін жолданған" деген жауап бойынша ҚР МІАД-не 2024 жылы 8 ші тамызда жолдағанын ескерсек, қортынды ҚР ӘРПК сәйкес мерзімі сақталмаған. ЕСКЕРТУ: Түркістан облысының прокуратурасы, Менің арыздарым бойынша Түркістан облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментінің қатысуымен, Түркісан облысы бойынша қызынашылық департаментіне тексеру жүргізді. (90 ЖҰМЫС КҮНІ МЕРЗІМДЕ) Тексеру барысында Менің тарапымнан ҚР Қаржы министрлігіне Түркістан облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментінде, мүдделер қақтығысы орын алу мүмкіндігін ескертіп, алдын ала іс-шараларын жүргізуді талап еткенмін. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.15-бап. Мүдделер қақтығысы. Мүдделер қақтығысын жою жұмыстары орын алмағандықтан 5 айдан бері жымқырылған бюджет қаражатына қортындыны ЕЛЕУЛІ ТҮРДЕ БЕРЕ АЛМАЙ ЖҮР.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 30.September.2024, 16:11
Сәлеметсізбе, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне Рахимбаеваның Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінде (әрі қарай - Департамент) қаржылық қаражат жинап, әрі қарай ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің басшылық лауазымындағы мемлекеттік қызметкердің отбасылық, емдік демалысын Сарыағаш шипажайында төлем аударымдары жүргізу дерегі бойынша арызы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінен 19.09.2024 жылы «Е-өтініш арқылы келіп түскен. Аталған арызыды зерделеп, тиісті процессуалды шешім қабылдау үшін 25.09.2024 жылы ҚР ҚПК-нің 187-бабының талаптарына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне кері жолданған. Сонымен қатар, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің қызметкерлері 30 000 000 млн теңге мемлекет қаржысын жымқыру дерегі бойынша арызы Департаменттің АЕК-на тіркеліп, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігіне сәйкес Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне маман қорытынды алу үшін жолданған. Ал, Департаменттің өндірісіндегі «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің қызметкерлеріне қатысы қылмыстық ісі басқа деректер бойынша тіркелген. ҚР ҚПК-нің 179-бабы 1-бөлігінде тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын кезде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды делінген. Яғни Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінен қорытынды келіп түскеннен кейін процессуалды шешім қабылданады. Төлеби аудандық қазынашық басқармасының қызметкерлерімен 42 млн тенге қаражаттарын Төлеби ауданның әкім аппаратының шотына негізсіз аудару дерегі бойынша Департаметтің АЕК-на тіркеліп, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігіне сәйкес Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне маман қорытынды алу үшін жолданған. Түркістан облысының прокуратурасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы ҚР Заңының 24-бабы 1-тармағының талаптары сақтамаған туралы ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес ҚР Қаржы министірілігіне ұсыныс жолданған. Бүгінгі, аталған дерек бойынша Департаментке ҚР Қаржы министірілігінен немесе және Түркістан облысының прокуратурасынан іс-құжаттар келіп түспеген.