Қаржылық мониторинг Агенттігінің қызметі туралы
Қаржылық мониторинг Агенттігінің қызметі туралы
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 23.09.2024, 09:00
- 30.09.2024, 18:00
Рахимбаева Загила 24.09.2024, 13:10, Сұрақ нөмірі: 13112
Түркістан облысының прокуратурасы Менің арыздарым бойынша Түркістан облысы қазынашылық департаментінің (бұдан әрі – Департамент)
қызметінде тексеру жүргізді.
Төлеби аудандық қазынашылық басқармасының (бұдан әрі – Басқарма)
заңсыз іс-әрекеттері бойынша
Басқарманың маманы Н. Амангелді «Қазынашылық-клиент» ақпараттық
жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) арқылы Төлеби ауданы әкімі аппаратынан (бұдан әрі – Аппарат)
қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы сұраныс
түспеуіне қарамай, өздігінен Жүйеге заңсыз журнал ашу арқылы аппараттың
қаржыландыру жиынтық және жеке жоспарларына өзгертулер енгізіп, Аппарат
шотына негізсіз қосымша 42 млн теңге қаржы отырғызған.
Әрі қарай, Аппарат есепшісі Б. Куандыков бұл жоспарланбаған, негізсіз
«отырғызылған» қаржының қазынашылықта тіркелуіне жол бермеу мақсатында
қандай да бір келісімшартсыз кәсіпкерлердің шоттарына бір күнде бірнеше рет жүз айлық есептік кӛрсеткішке дейін қаржыны бӛліп аударып, заңсыз комбинациялар
кедергісіз одан әрі жалғасын тапқан (25.03. – 26.06.2021ж. аралығында жеке кәсіпкер «Аялаға»
келісімшартсыз 27 траншпен 7,4 млн теңге, 2021ж. қараша және желтоқсан айлары аралығында жеке кәсіпкер «Ұлар
шыңына» 5,5 млн теңге, 2021ж. ақпан желтоқсан айлары аралығында 94 траншпен жеке кәсіпкер «Мерейлімге» 26,8
млн теңге қаржы аударылған).
Анықтама ретінде: 05.01.2022ж. жеке кәсіпкер «Мерейлім» бұл қаржының 20,9 млн теңгесін мемлекетке
қайтарған, Шарттар бойынша кәсіпкерлерден қабылдап алған тауарларды басқа тұлғаларға сатып, туыстарының
банктік шоттарына заңсыз қаржы аударып мемлекетке 13,8 млн теңге шығын келтіргені үшін 30.12.2022ж. Тӛлеби
аудандық сотының үкімімен Б.Т.Куандыковқа 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған
(алайда жоғарыда келтірілген заңсыз аударымдар сот үкімінде кӛрсетілмеген, оларға заңды баға берілмеген).
Бұдан бӛлек, 27.01.2021ж. Аппараттың есепшісі Б.Куандыков ӛзіне 2,2 млн
теңге жалақыны негізсіз алған (№21-4, 21-9, 21-16 тӛлем шоттарымен 111 (мемлекеттік қызметкер) және
131 (келісім шарт бойынша қызметкер ретінде) ерекшіліктерінен).
Сонымен бірге, Аппараттың есепшісі Б. Куандыковпен 2021ж. 6 және 11
қазанында 13 (Қасқасу, Кӛксәйек, Киелітас, Первомайский, Жоғары Ақсу, Тасарық, Алатау, Қоғалы, Қаратӛбе,
Кемеқалған, Зертас және Ленгір қаласы әкімі аппараты) ауылдық округтердің шотына жалақы
есебінен деген қосымша 102 945 000 теңге негізсіз отырғызылған.
Бұл ретте, З. Рахимбаева Басқарма және Аппарат қызметкерлерімен орын
алып жатқан заңдылықты бұзушылықтар жӛнінде Л. Шукееваға баяндағанымен, ол
бұл деректер бойынша жоғары тұрған басшысына немесе құқық қорғау
органдарына хабарламаған («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасы заңының 24-бабы 1-тармағының талаптары сақталмаған). деп Түркістан облысының прокуратурасы анықтаманы ҚР Қаржы министрлігіне жәнеде Түркістан облысының тергеп-тексеру агенттігіне жолданған.
3 ай бойы Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру агенттік тарапынан қылмыстық іс қозғалмай, агенттіктің басшыларында жеке қабылдауда ҚР ӘРПК сәйкес анықтама алу барысында бұл іс-әрекет бойынша ақпарта қайда екенін іздеумен 3 ай өтті.
СІЗДЕРДЕН СҰРАНАМЫН: 42 милдық бюджет қаражаты бойынша заңды іс-әрекет жасап агенттіктің жауапты тұлғаларына шара көруді сұранамын.
Осы жағдайларды ескеріп млндаған суммалардың қортындысымен іс-әрекетін немесе әрекетсіздігін бақылауға алып лауазымды тұлғалардың мүддесін қорғауға мүмкіндік бермей Әділетті Қазақстанныі құрылуына атсалысуды сұранамын.
Рахимбаева Загила 30.09.2024, 22:47
Төлеби аудандық қазынашылық басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) заңсыз іс-әрекеттері бойынша Басқарманың маманы Н. Амангелді «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) арқылы Төлеби ауданы әкімі аппаратынан (бұдан әрі – Аппарат) қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы сұраныс түспеуіне қарамай, өздігінен Жүйеге заңсыз журнал ашу арқылы аппараттың қаржыландыру жиынтық және жеке жоспарларына өзгертулер енгізіп, Аппарат шотына негізсіз қосымша 42 млн теңге қаржы отырғызған.деген УӘІЖІМ бойынша ҚР МІАД-не 2024 жылы 8 ші тамызда жолдағанын ескерсек, қортынды ҚР ӘРПК сәйкес мерзімі сақталмаған. ЕСКЕРТУ: Түркістан облысының прокуратурасы, Менің арыздарым бойынша Түркістан облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментінің қатысуымен, Түркісан облысы бойынша қызынашылық департаментіне тексеру жүргізді. (90 ЖҰМЫС КҮНІ МЕРЗІМДЕ) Тексеру барысында Менің тарапымнан ҚР Қаржы министрлігіне Түркістан облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментінде, мүдделер қақтығысы орын алу мүмкіндігін ескертіп, алдын ала іс-шараларын жүргізуді талап еткенмін. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.15-бап. Мүдделер қақтығысы. Мүдделер қақтығысын жою жұмыстары орын алмағандықтан 5 айдан бері жымқырылған бюджет қаражатына қортындыны ЕЛЕУЛІ ТҮРДЕ БЕРЕ АЛМАЙ ЖҮР.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 30.September.2024, 16:11
Сәлеметсізбе, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне Рахимбаеваның Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінде (әрі қарай - Департамент) қаржылық қаражат жинап, әрі қарай ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің басшылық лауазымындағы мемлекеттік қызметкердің отбасылық, емдік демалысын Сарыағаш шипажайында төлем аударымдары жүргізу дерегі бойынша арызы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінен 19.09.2024 жылы «Е-өтініш арқылы келіп түскен. Аталған арызыды зерделеп, тиісті процессуалды шешім қабылдау үшін 25.09.2024 жылы ҚР ҚПК-нің 187-бабының талаптарына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне кері жолданған. Сонымен қатар, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің қызметкерлері 30 000 000 млн теңге мемлекет қаржысын жымқыру дерегі бойынша арызы Департаменттің АЕК-на тіркеліп, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігіне сәйкес Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне маман қорытынды алу үшін жолданған. Ал, Департаменттің өндірісіндегі «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің қызметкерлеріне қатысы қылмыстық ісі басқа деректер бойынша тіркелген. ҚР ҚПК-нің 179-бабы 1-бөлігінде тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын кезде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды делінген. Яғни Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінен қорытынды келіп түскеннен кейін процессуалды шешім қабылданады. Төлеби аудандық қазынашық басқармасының қызметкерлерімен 42 млн тенге қаражаттарын Төлеби ауданның әкім аппаратының шотына негізсіз аудару дерегі бойынша Департаметтің АЕК-на тіркеліп, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігіне сәйкес Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне маман қорытынды алу үшін жолданған. Түркістан облысының прокуратурасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы ҚР Заңының 24-бабы 1-тармағының талаптары сақтамаған туралы ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес ҚР Қаржы министірілігіне ұсыныс жолданған. Бүгінгі, аталған дерек бойынша Департаментке ҚР Қаржы министірілігінен немесе және Түркістан облысының прокуратурасынан іс-құжаттар келіп түспеген.