Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 24.09.2024
- 24.09.2024, 17:00
Халелова Динара 24.09.2024, 15:16, Сұрақ нөмірі: 13113
Сәлеметсізбе,егер мен тәртіптік комиссияның маған қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы шешімімен келіспей, сол шешімнің заңсыздығына Департаментке шағымдансам, маған қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы шешімді қарау тоқтатыла тұра ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.September.2024, 15:49
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 91 тармағына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы шешiмге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды деп көрсетілген.