Мемлекеттік қызметке орналасу, өткеру тәртібіжәне заңнамадағы өзгерістер туралы
Мемлекеттік қызметке орналасу, өткеру тәртібіжәне заңнамадағы өзгерістер туралы
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 26.09.2024, 11:20
- 26.09.2024, 18:00
Аманбаева Куралай 26.09.2024, 16:30, Сұрақ нөмірі: 13125
Мен Талғар ауданынанмын GPA 3.33 дегеніміз қандай бағдарлама?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 26.September.2024, 16:52
Қайырлы күн! ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 11 ақпандағы № 38 бұйрығымен Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және ҚР Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкідігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері айқындалған. Осыған орай, мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған түлектердің оқу нәтижелері GPA 3.33-тен төмен емес болған жағдайда уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз тағайындала алады: - облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органның басшылық емес лауазымына; - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; - орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына.