Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттіккөрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 27.09.2024, 16:00
- 27.09.2024, 18:00
Бадамбаева Ақерке 27.09.2024, 17:16, Сұрақ нөмірі: 13129
Сәлеметсіздер ме? Сұрағым бар еді, аптека ашу үшін, яғни фармацевтикалық қызметпен айналысу үшін қайда жүгінуім қажет? айтып жіберсеңіздер, Рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.September.2024, 17:42
Қайырлы күн, фармацевтикалық және медициналық қызметке лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінсеңіз болады.