«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т. Еркебаев жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 30.09.2024, 15:00
  • 30.09.2024, 17:00

Крым Фариза 30.09.2024, 16:09, Сұрақ нөмірі: 13133

  • 0

Сәлеметсіз бе. Мен өзімнің жер учаскемді тіркеуге барғанмын. Төлем жасаған кезде дұрыс емес сумманы төлеп қойыптым, яғни төлемді толық емес жасадым. Енді не болады деп қобалжып жүрмін, маған отказ беріле ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.September.2024, 16:16

Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген Қағидасы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Қағида). Қағиданың 7-тармағы 7-тармақшасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тоқтата тұру бір айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.