Төтенше жағдайлар саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 30.10.2024, 15:00
- 30.10.2024, 17:00
Әлімжан Гүлбану 30.10.2024, 15:19, Сұрақ нөмірі: 13185
Мен ЖШС-нің басшысымын. Маған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мекеменің басшысы ретінде емтихан тапсыру қажет екен. Оны қалай және қай жерде тапсырмамын?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.October.2024, 15:23
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 79-бабымен және осы саладағы заңнамалық актілермен қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау тәртібі айқындалған. Осы Заңның 8, 10, 12 - баптарына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының (бұдан әрі – Емтихан комиссиясы) мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен 3 жылда бір рет емтихан тапсырады. Сонымен қатар, Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларының талаптарына сәйкес, қызмет алушы электрондық құжат нысанындағы өтінішті жібереді. Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды. Тест сұрақтарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері әзірлейді. Емтихан тапсырушы адамдардан емтихан қабылдау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері құрған комиссиямен жүргізіледі. Нәтижесінде, тестілеуден өткен жағдайда, емтихан нәтижесі сертификат беріледі.