Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 30.10.2024, 11:20
  • 30.10.2024, 17:00

Мәлікова Айкөркем 30.10.2024, 15:45, Сұрақ нөмірі: 13188

  • 0

Жер учаскесін алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.October.2024, 15:51

Сұрағыңызға рақмет Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі көрсетеді. Жер алу үшін кезекке тұруға жоғарыда аталған жергілікті атқарушы органдарға , яғни қалалардың кент, ауыл, ауылдық округ әкімдіктеріне электрондық түрде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім беруге болады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде Сізге жер учаскесін алу үшін кезегіне қойғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.