Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 31.10.2024, 10:00
  • 31.10.2024, 13:00

БЕГЕЖАНОВА АКТОЛКЕН 31.10.2024, 11:22, Сұрақ нөмірі: 13191

  • 0

Сәлеметсіз бе! Емханаға тіркелу үшін қандай құжаттар тапсырамын?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.10.2024

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 13 қарашасы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрыққа 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет. MСАК ұйымдарына белгілі бір контингент жүгінген кезде : 1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 2) зейнеткерлер - зейнетақы куәлігі; 3) мүгедектігі бар адам - зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді көшірме; 4) бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер) – сот шешімі немесе қамқоршылық пен қорғаншылықты дәлелдейтін басқа да бір құжат; 5) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша) – өңірлердің "Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған "БХТ" АЖ-ға халықты МСАК-ға бекітуді (босатуды) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы; 6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрам тізіміне қабылдау туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді көшірме; 7) студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай-ақ медреседе оқитын студенттер (18 жасқа дейінгі балалар) – жоғары оқу орны ректорының МСАК-қа ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы; 8) шет мемлекеттерде туған балалар – шет мемлекетте туғанын растайтын құжат; 9) сәбилер, жетімдер, қарттар және басқа үйлердің - қамқорлыққа алынған тұлғалары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі; 10) бекітуді сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша ресімдейтіндер. ЭҮП-те: электрондық түрде сұраныс.