«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі»

«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 13.11.2024, 09:00
  • 14.11.2024, 18:00

Үсен Әділжан 14.11.2024, 15:01, Сұрақ нөмірі: 13218

  • 0

Мемлекет басшысы «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз» - деген болатын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында неше мектеп салынуда және қашан ашылады?

Қызылорда облысы 14.November.2024, 15:04

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының басты міндеті - үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін түбегейлі шешіп, балаларымыздың заманауи білім ордаларында білім алуына жағдай жасау. Өңірімізде оқушылардың өсу динамикасы мен апатты мектептерге талдау жүргізіліп, Ұлттық жоба шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда алдағы үш жылда 15 100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салатын боламыз. Оның ішінде 10 мектеп 2024 жылы, 11 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. 2025 жылға дейін Қызылорда қаласында 8, Арал ауданында 4, Қазалы ауданында 2, Қармақшы ауданында 2, Жалағаш ауданында 1, Сырдария ауданында 1, Шиелі ауданында 1, Жаңақорған ауданында 2 мектеп салынатын болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылдың 1 қазанында Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауында 900 орындық 3 қабатты мектеп ашылды. Жаңа шағын ауданда мемлекеттік мектеп жоқ. Осыған байланысты шағын аудандағы мектеп мәселесі шешімін табуда. Мектеп бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, трансформатор-мобильді парталар, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, қауіпсіздік жүйесі, оқу-зертханалық құрылғылар және жаңа модификация кабинеттермен қамтамасыз етілген.