«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі»

«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 13.11.2024, 09:00
  • 14.11.2024, 18:00

Қанибек Перизат 14.11.2024, 15:14, Сұрақ нөмірі: 13220

  • 0

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау (суицид), сонымен бірге зорлық-зомбылықтың көбейіп кетуінің себебі неде және оның алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр?

Қызылорда облысы 14.November.2024, 15:23

Облыс көлемінде 2022-2024 жылдар аралығында кәмелетке толмағандар арасында суицид және оған ұмтылыс саны-43-ке жетсе, зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайлар саны 39-ға жетті. Осыған орай, психологиялық қолдау қызметтерін күшейту және кәмелетке толмағандар арасында буллинг, суицидтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында облыс әкімінің 10.01.2024 ж. № 6 қаулысымен Облыстық психологиялық қолдау орталығы құрылды. Қазіргі таңда орталық 22 штаттық бірлікте бекітіліп тиісті жұмыстар жасауда.