«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі»

«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 13.11.2024, 09:00
  • 14.11.2024, 18:00

Үсен Әділжан 14.11.2024, 17:26, Сұрақ нөмірі: 13224

  • 0

Жоғары оқу орнына грант негізінде оқуға түсу жолдары?

Қызылорда облысы 14.November.2024, 17:47

Жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде оқуға түсу ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып (маусым, шілде айларында өткізілетін) , шекті мәндегі балл жинап, оқу орнына таңдаған мамандық бойынша тиісті құжаттарды тапсыру арқылы конкурстық негізде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, өңірде 2013 жылдан бастап халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Облыс әкімінің гранты – бұл жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ұлттық бірыңғай тест қорытындысымен шекті балл жинаған, мемлекеттік білім грантын иеленбей қалған, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан мектеп бітірушілерге беріледі. Облыс әкімінің гранты бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен қосымша мәлімет алуға болады.