«Жергілікті жол желісін және тұрақты тасымалдау қызметін дамыту»
«Жергілікті жол желісін және тұрақты тасымалдау қызметін дамыту» тақырыбында өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 15.11.2024, 09:00
- 15.11.2024, 18:00
Дауылбай Қаныш 15.11.2024, 15:11, Сұрақ нөмірі: 13228
Облысымыздың оңтүстік бағытына жүретін № 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» бағытында қатынайтын пойызда жолаушыларға барлық жағдай жасалған, вагондары жаңа және өте таза, жаз күндері салқындатқышы жұмыс істейді, яғни көңілімізден шығып, халыққа ұнап жатыр. Осы «Қызылорда - Түркістан» пойызы одан әрі жалғасын тауып, халыққа қызмет ететін бола ма?
Қызылорда облысы 15.November.2024, 15:18
№ 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойызы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Қала маңындағы тасымал» филиалы аптасына 5 күн жүргізіле бастады. Вагондары зауыттан 2014 жылы шыққан. Осы пойыз облысымыздың оңтүстік бағыттағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды. Әлеуметтік маңызы бар Қызылорда-Бесарық-Түркістан ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынасы облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. Осы ретте, тасымалдаушы «Қала маңындағы тасымал» АҚ-мен 10 жылға келісім-шартқа отырғандығын ескеретін болсақ, аталған пойыз алдағы уақытта да халыққа қызмет ететін болады.