«Өңірдегі дене шынықтыру, спорт және туризм саласының даму динамикасы»
«Өңірдегі дене шынықтыру, спорт және туризм саласының даму динамикасы» тақырыбында өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 19.11.2024, 09:00
- 19.11.2024, 18:00
Алматова Жадра 19.11.2024, 15:10, Сұрақ нөмірі: 13233
Біздің өңірімізде мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру жұмыстары қалай жүргізілуде?
Қызылорда облысы 19.November.2024, 15:16
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырыстарды жан басына қаржыландыру бағдаламасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ол менің тарапымнан ерекше бақылауымда. Себебі, бюджеттен бұл бағдарламаға үлкен қаражат салынды. 2024 жылға cпорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 2,7 млрд.теңге қаралған. Бүгінгі күні, бағдарлама «Даму бала» платформасына өтеусіз негізге ауысып, 174 өнім беруші 19 спорт түрімен 12782 баланы спорт шеберлігін, ерік-жігерін қалыптастыруға бағытталған секцияларда шұғылданатын балдарды тәрбиелеу процесі жүйелі түрде жүргізілуде. Менің тапсырмаммен тапсырысты орналастыру және олардың жұмыстарын зерделеу үшін мониторингтік топ құрылды. Зерделеу барысында 25 өнім берушінің ваучер алмағандығы анықталып, 42 өнім берушімен бір жақты келісім бұзылды. Осыған сәйкес, жыл басынан бюджетке 303,4 млн.теңге қайтарылды.