«Өңірдегі дене шынықтыру, спорт және туризм саласының даму динамикасы»

«Өңірдегі дене шынықтыру, спорт және туризм саласының даму динамикасы» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 19.11.2024, 09:00
  • 19.11.2024, 18:00

Алматов Шахмардан 19.11.2024, 16:37, Сұрақ нөмірі: 13235

  • 0

Нұрлыбек Машбекұлы, қазіргі таңда, туризм саласы археологиялық қазбалардың, мәдени ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің даралығымен де ерекшеленіп отыр. Бұл тұрғыда біз қандай археологиялық мәдени ескерткіштерімізбен туристерді тарта аламыз?

Қызылорда облысы 19.November.2024, 16:45

Қызылорда облысында 560 тарихи-мәдени мұра объектілері мемлекеттік қорғауға алынып, оның ішінде 31 республикалық және 256 жергілікті маңызы бар объектілер, 273 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған. Сығанақ қалашығы – Қазақстан Республикасының ірі тарихи көрнекті орны болып табылады және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұраларына енудің тізіміне енгізілген. Тарихи қаланың «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының бойында орналасуы, оның туристік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жанкент қалашығы Сырдария өзенінің сол жағалауында Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде орналасқан. Оғыздардың ортағасырлық астанасы болған қаланың қалдықтары қазіргі уақытқа дейін өте жақсы сақталған. Шірік-Рабат қалашығы ежелгі жазбаларда сақ көсемдерінің резиденциясы ретінде айтылған. Қармақшы ауданының аумағында Қызылорда қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан. Туристердің жайлылығы мен қолайлы жүруін қамтамасыз ету үшін дестинациялардың, оларға барар маршруттардың инфрақұрылымдық желілерімен қамтылуына баса назар аударылуда. Менің тапсырмаммен, өткен жылы Қорасан ата кесенесінің аумағына демеушілік есебінен абаттандыру, жарықтандыру және қоршау жұмыстары жүргізілді (100 млн.теңгеден астам). Үстіміздегі жылы бюджет есебінен Жосалы кентіндегі Марал баба кесенесіне дейінгі аралықтағы 6,5 шақырым жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары (жоба құны - 257,0 млн. теңге) мен Арал ауданы әкімдігі тарапынан Арыстан баб кесенесіне абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.