«Өңірдегі дене шынықтыру, спорт және туризм саласының даму динамикасы»

«Өңірдегі дене шынықтыру, спорт және туризм саласының даму динамикасы» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 19.11.2024, 09:00
  • 19.11.2024, 18:00

Қонысбай Айгерім 19.11.2024, 16:39, Сұрақ нөмірі: 13236

  • 0

Сәлеметсізбе? Туризм саласын дамытуға мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетіліп отыр?

Қызылорда облысы 19.November.2024, 16:46

2021 жылғы 30 сәуірдегі № 34-VII ҚРЗ ҚР Заңы шеңберінде бекітілген туристік саланы мемлекеттік қолдаудың төмендегідей қағидалары қолданысқа енгізілді: - Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау ай сайын 83 300 теңге; - Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының 10 %-ын өтеу; - Кәсіпкерлік субьектілерінің сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындарының 25%-ын өтеу; - Кәсіпкерлік субьектілерінің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде шығындарының 10 %-ын өтеу. Бүгінгі күнге, қолдау шаралары аясында облыстық комиссия шешімімен жол бойы сервистік кешендеріне кіретін және жанында орналасқан 14 санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау шығындары субсидиялануда. Ал, 2023 жылы 17 санитарлық- гигиеналық торап субсидияланды.