Жамбыл облысы мәдениет саласындағы іс-шаралар мазмұнының дамуы бойынша интернет-конференция
«Жамбыл облысы мәдениет саласындағы іс-шаралар мазмұнының дамуы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 21.08.2024, 10:00
- 31.12.2024, 18:00
Әбдіқұл Берік 26.11.2024, 02:16, Сұрақ нөмірі: 13243
ЖАМБЫЛ облысының 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған "Мәдениет - асыл қазынам" облыс аудандарының мәдениет күндерін өткізілді . ЖҮЛДЕ ҚОРЫНА ҚАНША ҚАРАЖАТ БӨЛІНДІ ? Демеушілердің арқасында жүлделер берілді ме ? Қаржыландыру қайдан болды ? Алдағы жылы бұл іс шара жалғасын таба ма ?
Аблай Ғалия 30.12.2024
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы төмендегіні хабарлайды: Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына орай тамыз айында «Мәдениет – асыл қазынам» атты облыс аудандарының мәдениет күні бастау алған болатын. Т.Рысқұлов ауданында бастау алған іс-шара 15 қараша күні Сарысу ауданында мәресіне жетті. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада жеңімпаздарды марапаттады. Комиссия құрамының шешіміне сәйкес, Байзақ және Сарысу аудандары ІІІ орынға (1 комплект аппаратура) ие болса, ІІ орынға Жамбыл ауданы (шағын автобус) лайық деп танылды. Ал, Талас ауданы топ жарып, І орынға (шағын автобус) ие болды. Іс-шараға қаржы жергілкті бюджет есебінен бөлінді. Алдағы жылы "Мәдениет - асыл қазынам" атты облыс аудандарының мәдениет күні жалғасын табады деп жоспарлануда. (Техникалық ақауға байланысты сұраққа түсініктемелер бөлімінде жауап беруге тура келді)
Аблай Ғалия 30.12.2024
"Мәдениет - асыл қазынам" атты облыс аудандарының мәдениет күні және Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына орай өткізілген өзге де іс-шаралар бойынша толық ақпарат басқарманың ресми сайтында, Instagram, Facebook, Telegram сынды әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына орналастырылды.
Жамбыл облысы 30.12.2024
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы төмендегіні хабарлайды: Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына орай тамыз айында «Мәдениет – асыл қазынам» атты облыс аудандарының мәдениет күні бастау алған болатын. Т.Рысқұлов ауданында бастау алған іс-шара 15 қараша күні Сарысу ауданында мәресіне жетті. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада жеңімпаздарды марапаттады. Комиссия құрамының шешіміне сәйкес, Байзақ және Сарысу аудандары ІІІ орынға (1 комплект аппаратура) ие болса, ІІ орынға Жамбыл ауданы (шағын автобус) лайық деп танылды. Ал, Талас ауданы топ жарып, І орынға (шағын автобус) ие болды. Іс-шараға қаржы жергілкті бюджет есебінен бөлінді. Алдағы жылы "Мәдениет - асыл қазынам" атты облыс аудандарының мәдениет күні жалғасын табады деп жоспарлануда.