Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге қатысты қысқаша шолу

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.11.2024, 10:00
  • 27.11.2024, 15:00

Жумадилова Камшат 27.11.2024, Сұрақ нөмірі: 13246

  • 0

Қазақстан Республикасында аң аулауға кім құқылы?

Жетісу облысы 27.11.2024

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген Aң аулау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасында аң аулау құқығына барлық жеке тұлғалар келесі жағдайда ие болады: -егер аң аулау атыс қаруын қолдана отырып жүргізілетін болса, жиырма бір жасқа жасқа толған кезде; -егер аң аулау рұқсат етілген басқа да аңшылық құралдарының түрлері, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргізілетін болса, он төрт жасқа толған кезде; - белгіленген нысандағы аңшы куәлігі болған жағдайда; - белгіленген нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат немесе аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасын алған жағдайда.