«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша «Sapaly qyzmet» телеграмм ботының қолданылуы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша «Sapaly qyzmet» телеграмм ботының қолданылуына қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 02.12.2024, 16:00
- 02.12.2024, 18:00
Балықбай Бақдәулет 02.12.2024, 17:15, Сұрақ нөмірі: 13253
Бұл ботта тек арыз ғана жаза аламызба? Әлде бір мемлекеттік қызметтерді ала аламызба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.December.2024, 17:28
Қайырлы күн. Егер Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтама алғыңыз келсе ұялы телефоныңызға «Telegram» мессенджерін жүктеп, «EgovKzBot2.0» телеграмм ботын қолдана аласыз.Телеграмм бот арқылы төменде көрсетілген тізбеге сәйкес өзіңізге керекті қызмет түрін таңдай аласыз. - ХҚКО-на кезекті брондау - 1414 операторымен байланысу - Уәкілетті органға өтініш - Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша оператормен байланысу - Көрсетілетін қызметтер - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - Egov mobile жүктеу - Әкімшілік айыппұлдар болуын тексеру - Таяудағы ХҚКО - Қазақстанда ашық үкіметті дамыту бойынша ұсыныс - Бот туралы - Баптаулар