Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 04.12.2024, 10:00
  • 04.12.2024, 17:00

Габбасова Зухра 04.12.2024, 11:52, Сұрақ нөмірі: 13256

  • 0

Мемлекеттік қызмет атқаруды тоқтатқан соң артынша 1 ай ішінде мемлекеттік қызметтегі жарияланған бос орындарға тестілеу сертификатынсыз қатысуға бола ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.December.2024, 15:23

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағына сәйкес теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.