Шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы
Өткізілетін интернет-конференция халықтың, оның ішінде шетелдік университеттердің филиалдарында білім алғысы келетін жастар үшін ақпарат бөлісу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 26.11.2024, 09:30
- 10.12.2024, 18:30
Әбдіқұл Берік 04.12.2024, 15:44, Сұрақ нөмірі: 13259
Тараз қаласында ашылған РХТУ ға түсу үшін ЕНТ тапсыру керек пе ? магистратура мамандықтары қандай ? Оқытушы құрамы қандай ? қанша кафедоа болады ?
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 10.December.2024, 17:02
Құрметті Берік Әбдіқұл! Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Сіздің сауалыңызға келесіні хабарлайды. Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараздағы филиалында 6В07119 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы (Химическая технология неорганических веществ) бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі. Оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру міндетті. Әзірге кафедра мен магистратура жоқ. РХТУ филиалында үздік әлемдік жоғары оқу орындарын бітірген ғалымдар сабақ береді.