Жетісу облысы жер қатынастары басқармасы

Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін қызметтерге қысқаша шолу

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 2
  • 05.12.2024, 10:00
  • 05.12.2024, 15:00

Байсбекова Айгуль 05.12.2024, Сұрақ нөмірі: 13267

  • 0

Жер қатынастары саласы бойынша қандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі?

Жетісу облысы 05.12.2024

Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: 1) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; 2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; 3) іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру; 4) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру; 5) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; 6) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу; 7) жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау; 8) бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру; 9) жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату; 10) жер учаскесін алуға кезекке қою; 11) жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту; 12) Республикалық маңызы бар қала, Астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу.