«Мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингі бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 12.12.2024, 10:00
- 12.12.2024, 13:00
Төмешбай Батырхан 12.12.2024, 11:23, Сұрақ нөмірі: 13270
Саламатсыз ба, мемлекеттік қызметшілер құмар ойынға қатыспай, жай ойын мекемелеріне баруда әдеп нормаларын сақтамау болып есептеледі ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.December.2024, 17:29
Сәлеметсіз бе! Мемлекет басшысының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 396 жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне баруға тыйым салынған. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің ойын мекемелеріне баруының өзі әдеп нормаларын сақтамау болып есептеліп, ол үшін тәртіптік жауаптылық көзделген.