Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің негізгі қызмет бағыттары туралы

Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Т. Манап жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 13.12.2024, 10:30
  • 13.12.2024, 18:00

Копабаева Жолтай 13.12.2024, 15:51, Сұрақ нөмірі: 13273

  • 0

Салеметсіздерме Сіздер қандай арыз шағымдарды қарастырасыздар?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.December.2024, 15:59

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағының 10-тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Осы заңның 5-бабы 2-тармағы 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау туралы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметкердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қатысты шағымдарын қарастырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 25-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымдарын қарайды.