Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің негізгі қызмет бағыттары туралы
Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Т. Манап жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 13.12.2024, 10:30
- 13.12.2024, 18:00
Омарова Шырын 13.12.2024, 16:09, Сұрақ нөмірі: 13274
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс бағыттарда пайдалануы жайлы публикациялар шығарылуда, осылар бойынша шаралар қабылдап жатырма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.December.2024, 16:12
Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексінің 3-тарауының 6-тармағының 8-тармақшасына сәйкес Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың қатарында мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану қажет. Өз кезегінде Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни мақалалар бойынша әлеуметтік желілерде тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қызметтік автокөлікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалану бойынша жағымсыз жарияланым анықталған жағдайда Департаментпен қызметтік автокөлікті қызметтен тыс уақытта пайдаланудың себеп-салдарын анықтау және бұзушылық орын алған жағдайда жауапты тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту шараларын ұйымдастыру амалдары атқарылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексінің талаптарын жәнеде басқа да қолданыстағы заңнамалық актілерде белгіленген шектеулермен талаптардың бұзушылығын алдын алу мақсатында Департаментпен мемлекеттік қызметшілекрдің арасында түсіндіру жұмыстары ұдайы түрде жүргізілуде.