Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің негізгі қызмет бағыттары туралы
Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Т. Манап жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 13.12.2024, 10:30
- 13.12.2024, 18:00
Таубаева Жанна 13.12.2024, 16:14, Сұрақ нөмірі: 13275
Заңдар бойынша тест тапсырып едім, өте алмай қалдым. Қайтадан қанша күннен кейін тапсыра аламын?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.December.2024, 16:16
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген) «Б» корпусының лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өтпеген жағдайда қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күн өткен соң жол беріледі.