Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 18.12.2024, 10:00
  • 18.12.2024, 18:00

Станқұлова Гүлзат 18.12.2024, 14:26, Сұрақ нөмірі: 13280

  • 0

Мемлекеттік қызмет атқаруды тоқтатқан соң артынша 1 ай ішінде мемлекеттік қызметтегі жарияланған бос орындарға тестілеу сертификатынсыз қатысуға бола ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.December.2024, 14:32

Сәлеметсіз бе Гүлзат, сұрағыңыз үшін рахмет. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағына сәйкес теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.