Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 20.12.2024, 10:00
  • 20.12.2024, 18:00

Рысбекова Сымбат 20.12.2024, Сұрақ нөмірі: 13296

  • 0

Салеметсіз бе! Мемлекеттік қызмет атқаруды тоқтатқан соң артынша 1 ай ішінде мемлекеттік қызметтегі жарияланған бос орындарға тестілеу сертификатынсыз қатысуға бола ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.12.2024

Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағына сәйкес теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.