Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 15
- 20.12.2024, 09:00
- 20.12.2024, 17:00
Пірмаханова Балжан 20.12.2024, 15:47, Сұрақ нөмірі: 13299
Әдеп кодексінің жаңа талаптарына сәйкес "Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну" көзделген.
Дегенмен, қазіргі таңда құмар ойындарын интернет желісі арқылы онлайн түрде де ойнауға болады.
Осыған шектеулер жоқ па?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2024, 16:06
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашасындағы №396 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағы 10) тармақшасымен толықтырылып, онда мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну деген талабы қойылған. Бұдан бөлек, соңғы уақытта қоғам дертіне айналып, депутаттармен екі жыл бойы талқыланған лудоманияға қарсы заң жобасына Мемлекет басшысы осы жылдың 8 шілдесінде қол қойды. Қазіргі таңда аталған заң жобасы күшіне еніп, қолданысқа енгізілді. Ең бастысы бұл- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 12 бабына енгізілген өзгеріс, яғни мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелерінде құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуына, белгіленбеген орындарда құмар ойындарына қатысуына, телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернет арқылы ұйымдастырылған құмар ойындарына немесе бәс тігуге қатысуына шектеу қойылуы. Оған бағынбаған мемлекеттік қызметші атқаратын қызметінен босатылады.