Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 15
- 20.12.2024, 09:00
- 20.12.2024, 17:00
Нұрбек Нұргүл 20.12.2024, 16:17, Сұрақ нөмірі: 13300
Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 9-1 тараумен толықтылырып, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау жұмыстары, оның ішінде тексеру жүргізудің тәртібі бекітіліп отыр.
Осы ретте, тексеру жүргізу бойынша қандай өзгерістер пайда болды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2024, 16:31
Бұрын тексеру жұмыстары «Кәсіпкерлік кодекстің» нормаларымен реттелетін болатын. Дегенмен, қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, тексеру жүргізу тәртіптері осы заң талаптарына сәйкес жүргізіледі. Тексеру жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болып бөлінеді. Жоспарлы тексерулер бекітілген Мемлекеттік органдарды тексерудің жартыжылдық жоспары негізінде жүзеге асады. Ал, жоспардан тыс тексерулерді жүргізуге жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың жолданымдары, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынулардың орындалуын бақылау, мониторинг нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы, ақпарат сұрату арқылы зерделенген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар негіз болып табылады.