Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 15
  • 20.12.2024, 09:00
  • 20.12.2024, 17:00

Каратаев Жасулан 20.12.2024, 16:20, Сұрақ нөмірі: 13301

  • 0

Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста қандай болуы тиіс?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2024, 16:40

Ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге және басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге не оған жол бермеу жөнінде өзге де шараларды қабылдауға