Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 15
  • 20.12.2024, 09:00
  • 20.12.2024, 17:00

Төрехан Фарида 20.12.2024, 16:24, Сұрақ нөмірі: 13304

  • 0

8 сағаттан артық жұмыста отырған мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалай қорғалуда және жауапкершілік көзделген ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2024, 16:30

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменті кіруді басқару және басқару жүйесі (КББЖ) арқылы артық жұмыс жасауына мониторинг жүргізіп, осындай фактілер орын алғанда жағдайда бұзушылықты жою жөнінде мемлекеттік органға хат жолданады. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілерге демалыс сағаттары беріледі. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган аталған бағытта мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізеді, бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік істі қарау функциясымен күшейтілді. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін мемлекеттік органдардың басшыларын (жұмыс берушіні) әкімшілік жауапкершілікке тарту заңнамамен айқындалған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабы).