Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 15
- 20.12.2024, 09:00
- 20.12.2024, 17:00
МЕДЕТ ҒАЛЫМЖАН 20.12.2024, 16:24, Сұрақ нөмірі: 13305
Осыған дейін Агенттік төрағасының бұйрығымен мемлекеттік қызметшілерге икемді және қашықтықтан жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын.
Қазіргі таңда осы бастаманы қолданып жүрген мемлекеттік қызметшілер бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2024, 16:30
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 5-бабы 2-тармағы 10-2-тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмысты, аралас қашықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмысты қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді делінген. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №120 «Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану» Қағидалары бекітілді. Демек, мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану мәселелерін қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Мысалы, біздің департаменттің ішінде 3 қызметші икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс жасайды.