Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 15
  • 20.12.2024, 09:00
  • 20.12.2024, 17:00

Төрехан Фарида 20.12.2024, 16:25, Сұрақ нөмірі: 13306

  • 0

Теледидарда және газеттерде, егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаса, оның тікелей басшысы жауапкершілікке тартылады деп айтылады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта осы мәселе бойынша не айталасыз?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2024, 16:27

Сұрағыңыз өте орынды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 43-бабында 4-тармақпен толықтырылды. Атап айтсақ, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін Біріншіден: бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінә арасындағы байланыс анықталған жағдайда; Екіншіден: бағынысты адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан жағдайлардың жиынтығы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады. Осы екі жағдай болған кезде, мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапта болады.