Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 15
- 20.12.2024, 09:00
- 20.12.2024, 17:00
Жасұланов Асылхан 20.12.2024, 16:26, Сұрақ нөмірі: 13307
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттарына тоқталсаңыз
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2024, 16:38
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету; 2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас; 3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;