Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 15
- 20.12.2024, 09:00
- 20.12.2024, 17:00
Құндақбаев Бостан 20.12.2024, 16:32, Сұрақ нөмірі: 13308
Мемлекеттік қызметке қабылданған азаматқа қандай жағдайда сынақ мерзімі белгіленеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.December.2024, 16:37
Мемлекеттік қызметке алғаш кірген немесе қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестацияның қорытынды нәтижелері бойынша не теріс себептермен мемлекеттік лауазымнан шығарылғаннан кейін қайта кірген жағдайда белгіленеді.