Үлескерлik құрылыс қатысушыларымен интернет-конференция
Салушылар, тұтынушылар, жылжымайтын мүлік субъектілері арасындағы құқықтық және экономикалық қатынасты реттеу және Қазақстан Республикасы азаматтарын орталық және жергілікті атқарушы органдармен, банктармен, Қазақстан Республикасы салушылары ассоциациясымен байланысуға мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2008 жылғы 18 тамыздағы № 20-55/007-679 Жарлығы негізінде 2008 жылдың 9 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасындағы үлескерлік (үлескерлер) құрылысқа қатысу мәселелері «электрондық үкімет» Веб-порталында http://www.e.gov.kz/ 2008 жылғы жылыту маусымына қатысты мәселелер бойынша Интернет-конференция өткізіледі
- Сұрақтар: 686
- Жауаптар: 1038
- 09.09.2008
- 01.11.2008
- Қызылорда облысы әкімдігі
апаппппаапаппа 17.10.2008, Сұрақ нөмірі:
бізде азық-түлік бағасы қымбат, қарапайым халық соның зардабын көріп келеді. Алланың пендеге берген несібесі ғой. бірақ оны базбіреулер шетке сатып, өзімізге қымбат болып келуде. өз халқын, өз ұлтын сүйген ұрпақ қана халқына қолдау көрсетуі тиіс.
***************************
Қазақстандағы барлық банктерге!
Несие алуда, беруде күнә болып есептеледі. несиені еврей халықтары өздері қолданысқа енгізбейді екен. еврейлердің бізге жасаған жақсылықтары осы ма, әлде...?
Администратор 31.10.2008
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес банк операцияларына банктердің төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беруі сияқты банктік заем операциялары жатады. Заңды және жеке тұлғаларды шариғаттың исламдық нормалары бойынша кредиттеу, яғни пайызсыз кредит беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына тиісті өзгерістер енгізу қажет, себебі Қазақстан Республикасының қолданыстағы банктік заңнамасы дәстүрлі банктер қызметіне негізделе отырып құрылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында ислам банкингі мен қаржысын енгізу шеңберінде Агенттік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасы ислам банктерінің жалпыға міндетті іс-әрекет нормаларын, ислам банктерінің қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың нысандары мен әдістерін заңнамалық бекітуге бағытталған, бұл Қазақстан Республикасының аумағында ислам банктерін енгізу жолымен исламдық қаржыландыруды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. 2008 жылғы 25 қазаннан бастап Заңның 39-бабына банктердің белгіленген ставкаларды бір жақты өзгертуіне тыйым салуды көздейтін түзетулер енгізілгенін, сондай-ақ банктердің жеке тұлғалармен бұрынырақта жасасқан барлық кредиттік (ипотекалық) шарттары бойынша Заңды қолданысқа енгізген күні қолданыстағы сыйақы ставкаларын өсіруге 3 жылдық мораторий енгізілетінін қосымша хабарлаймыз.