Мемлекеттік қызметке орналасу, өткеру тәртібі және заңнамадағы өзгерістер туралы
Мемлекеттік қызметке орналасу, өткеру тәртібі және заңнамадағы өзгерістер туралы
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 23.12.2024, 11:25
- 23.12.2024, 18:00
Касымханова Жанна 23.12.2024, 17:56, Сұрақ нөмірі: 13314
Универститетті бітірген жас түлектерге мемлекеттік қызметте мүмкіндіктер бар деп естігем, ол қандай мүмкіндіктер?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.December.2024, 17:57
Қайырлы күн! Өткен жылдан бастап мемлекет тарапынан беріліп жатқан зор мүмкіндік грантпен аяқтаған үздік түлектердің бір жыл ішінде конкурссыз мемлекеттік қызметке тағайындалуы. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен тиісті жұмыстар жүргізілгендігінің нәтижесінде мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын жоғары үлгеріммен (GPA 3,33 кем емес) аяқтаған жастар аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындалу мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, осы бағытта, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті еліміздің үздік университеттерімен (ҚазҰУ, SDU, AlmaU және т.б.) және аудандық әкімдіктермен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күнге Алматы облысында осы бастама аясында 38 жас маман мемлекеттік қызметке қабылданып, халық игілігі жолында еңбек етуде.