Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.12.2024, 10:00
  • 27.12.2024, 18:00

Смагулов Абубакир 27.12.2024, 11:53, Сұрақ нөмірі: 13319

  • 0

Сәлематсыздарма! Қосымша білім беру ұйымдарына баламды беру үшін қандай құжат өткіземін!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.12.2024

Сәлеметсіз бе. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларына қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: 1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес жазылған өтініші; 2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат; 3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге Стандарттың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес келісімі қажет.