«Мемлекеттік қызметке іріктеу»
Мемлекеттік қызметке іріктеуге қатысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы М. Мусин интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 09.01.2025, 10:00
- 09.01.2025, 17:00
Жонелбаева Нагима 09.01.2025, 11:16, Сұрақ нөмірі: 13332
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі жалпы қандай кезеңнен тұрады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.01.2025
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі төмендегідей кезеңдерді қамтиды: 1) мемлекеттік органмен жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау; 2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау; 3) үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі; 4) эссе жазу (белгілі бір лауазымдар үшін не мемлекеттік органның шешімі бойынша); 5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу; 6) конкурс қорытындысын шығару.