Мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың құқығын қалпына келтіру

Мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың құқығын қалпына келтіру

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 22.01.2025, 10:00
  • 22.01.2025, 17:00

Ниғметова Қымбат 22.01.2025, Сұрақ нөмірі: 13337

  • 0

Мемлекеттік қызметкерлердің кім құқығын кім қорғайды?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.01.2025

Құрметті Ниғметова Қымбат! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына құқықтары бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды. Соған байланысты, басшылық құрамының себепсіз қысым көрсеткен жағдайда мемлекеттік органның Әдеп жөніндегі уәкіліне немесе мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға жүгінуге болады.