Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 24.01.2025, 10:00
  • 24.01.2025, 17:00

Буркитбаева Аклима 24.01.2025, 16:54, Сұрақ нөмірі: 13341

  • 0

Азаматтар арасында қандай мемлекеттік қызметтер көбірек сұранысқа ие?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.January.2025, 16:57

Электрондық үкімет порталының статистикалық көрсеткіштеріне жүгінсек ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрі болып электрондық цифрлық қолтаңбаны алу болып табылады. 2023 жылда 3,4 млн рет алған. Сонымен қатар жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді беру және жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтері де ақпараттық электрондық қызметтердің арасында ең көп сұранысқа ие.