Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 30.01.2025, 10:00
- 30.01.2025, 18:00
Қосқұнтұлы Әбілхайыр 30.01.2025, Сұрақ нөмірі: 13343
Құмар ойынға бәс тіккен мемлекеттік қызметшіге қандай шаралар қабылданады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.January.2025, 14:44
Құмар ойынға бәс тіккен мемлекеттік қызметші анықталған жағдайда ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 61-бабы 1-тармағының 8) тармақшысына сай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамағаны үшін Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына негіз болып табылатыны айқындалған, яғни мемлекеттік қызметтен босатылады.